Студенттер үшін онлайн курстар
Педагогика
Бұл курс педагогтардың тұлғалық, педагогикалық және кәсіби құзыреттілігін дамытуға және жетілдіруге ықпал етеді. Олардың кәсіби дағдыларын, пәндік біліктерін қалыптастыру, оқыту мен оқытудың тиімділігін арттыру үшін білім берудегі педагогика негіздері мен қазіргі заманғы әдістемелерді білу қажет....
Менеджмент
Бұл курста менеджмент саласында қалыптасқан дәстүрлі түсініктермен, жаңа ұғымдар және тұжырымдармен танысасыздар. Менеджер жұмысына тікелей де, жанама да әсер ететін этикалық бақылау, қоғамдық жауапкершілік, менеджмент саласының жаһандық сипаты, цифрлық технологиялар, теория мен тәжірибенің ұштасуы...
Маркетинг
Курс дәрістері Филипп Котлердің 2018 жылы жарық көрген «Маркетинг негіздері» атты кітабына негізделеді. Барлық теориялар мен анықтамалар осы кітаптан алынған. Кітап авторы Филип Котлер – АҚШ-тың Солтүстік-Батыс Университетінде, Джон Келлогг Жоғары басқару мектебінде халықаралық маркетинг профессоры....
Философия
Сіз философия курсын аштыңыз, демек, сіз философияның не екенін білуге қызығып тұрсыз. Адамдар «философия» сөзін әртүрлі жағдайларда қолданады. Абстрактілі ойлау оны түсінудің бір тәсілі болуы мүмкін. Жалпы күнделікті өмірімізді айқындап тұратын идеялар жиынтығы – оның басқаша мәні. Ал тіршілік түйт...
Психология
Қазіргі психологияның қалыптасу тарихы мен ой мектептері жайлы айтылады. Дәріс барысында философиялық ой мектептеріне қысқаша тоқталсақ та, психологияның жаңа және жеке дара зерттеу саласы ретінде қалыптасуына тікелей қатысы бар деректерге баса назар аударылады. Мұнда әрбір ой мектебі өзіндік тарихы...
Ақпараттық жүйелер
«Web-бағдарламалау негіздері» курсы жоғарғы класс оқушыларына, студенттерге және жалпы веб-сайт жасауды үйренем деушілерге арналған. Осы курстың аясында HTML, CSS және Javascript тілдерін үйреніп, осы тілдерді қолдану арқылы сайт жасай алатын боласыздар.  Кез келген веб-парақша – ол HTML тілінде жа...
Приборлар жасау
Курс электроника, бағдарламалау және робототехника негіздері жайлы. Бұл курс бір-бірінен тәуелсіз жұмыс істейтін жүйелерді құрумен байланысты практикалық тапсырмалардан құралған. Курс аясында осындай құрылғыларды құрастыру мен оларды Ардуино платформасы негізінде бағдарламалау үйретіледі. Курс со...
Тау-кен кәсібі

Бұл курс – тау-кен ісі бойынша кәсіби инженерлерді дайындауға арналған көмекші оқыту құралы. Курс барлау, кен орнын өңдеу, жер асты пайдалы қазбаларын табу, техникалық қауіпсіздікке байланысты өзекті тақырыптардан тұрады.